Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылының қорытындысы

03.07.2023
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының алқасында 2022-2023 оқу жылының қорытындысы шығарылды
 
Алқаға білім бөлімі басшысының орынбасарлары және бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Модератор - Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы,  Ақмола облысы білім басқармасының басшысы. 
2022-2023 оқу жылының қорытындылары жөнінде жөнінде Сулейменова Асемгуль Тулехановна,  Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы баяндады.
Ақмола облысының дарынды балалармен жүйелі жұмысы туралы Оразов Еркін Жарғұлбайұлы, «Ақмола Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық орталықтың директоры айтып берді. 
Галимова Айнаш Серғалиқызы, Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру арқылы білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру баяндама жасады. 
Туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық даярлық орталығының 2022-2023 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары туралы туризм, дене шыңықтыру, бастапқы әскери және технологиялық даярлық орталығы» басшысының міндетін атқарушы мәлімдеді. 
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі міндеттері жөнінде Гамазов Валерий Георгиевич, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары айтты.
«Білімді ұлт. Сапалы білім беру» Ұлттық жобаны колледжде іске асыру жөнінде Уаисов Рыспай Базарбайұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің басшысы баяндап берді. 
Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмола облысының мектепке дейінгі  білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді қолдану деңгейінің сапасы туралы мәлім етті. 
Соңында баяндамалар негізінде алқаның жұмысын қорытындыланды.
Іс-шараның үздік қызметкерлер мен білім беру ұйымдарды алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.
  
 
Поздравляем нашу  команду педагогов и  ребят с призовым дипломом 3 степени. Наша школа заняла 3 место области по  итогам олимпиады, интеллектуальных конкурсов по линии "Дарын".
Просмотров: 762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст