Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған маңызды міндеттердің бірі -  кемінде екі үниверситетті әлемдік рейтингтерге ендіру.   Қазақстанның жоғары оқу орындары жаһандық рейтингтерге белсенді қатысады, олар QS рейтингінде ең табысты нәтижелерге ие.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша  (IQAA-Ranking ) 2020 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі жасалды, ол академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағалауы мен жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінің негізінде құрылды, және де юиыл студенттер мен мектеп бітірушілердің де пікірі ескерілді. 

2020 жылғы институционалдық рейтингті есептеудің әдістемесі бес құраушы бөлімге:

бірінші құрауыш (1-сауалнама) - университеттің академиялық ресурстарының сапасын бағалау, ол баллдың жалпы санынан 80% құрайды;

екінші құрауыш (2-сауалнама) - университеттің сапасына сараптамалық баға беру (5%);

үшінші құрауыш (3-сауалнама) - жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар арасында сауалнама әлеуметтік жүргізу негізінде жоғары оқу орындары түлектерінің жалпы дайындығын бағалау (5%);

төртінші құрауыш - студенттердің бағалауы (5%);

бесінші құрауыш – жоғары оқу орындары түлектерінің бағалауы (5%).

https://egov.kz/cms/ru/articles/2Fbestuniinkz30

 

QS World University Rankings 2021 зерттеуінде қазақстандық ЖОО арасында ең жоғары орынды (165) ҚазҰУ иеленді. Алматыда орналасқан Әл-Фараби, деп хабарлайды zakon.kz. Сондай-ақ тізімге келесі қазақстандық жоғары оқу орындары енді: Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-сұлтан, 357 орын), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент, 490), Satbayev Universitety (Алматы, 541-550), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы, 591-600), Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, 601-650), ҚБТУ (Алматы, 751-800), КИМЭП (Алматы, 751-800), ҚарМТУ (Қарағанды, 801-1000), ҚазХҚжәнеӘТУ. Абылай Хан (Алматы, 801-1000).

 

Болашақ мамандықты таңдау туралы әлі шешім қабылдай алмайтындар үшін тағы бір пайдалы сілтеме https://www.nur.kz/1655658-samye-vostrebovannye-professii-kazakhstan-2020.html

Жаңартылған күні: 12.11.2020 15:26
Құрылған күні: 12.11.2020 15:26

Текст