Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вирустық гепатиттердің алдын алу

Өзектілігі:

Заманауи медицинаның ең бір өршіп тұрған проблемаласы – вирусты гепатит, оның шешімі барлық адамзат үшін маңызы зор. Ақырғы 10-15 жылдың проблемаларының ішіндегі етек жайып отырған парентералды гепатит В және С, вирустардың ең бірніші рет нашақорлардың арасында таралып, олардан басқа адамдарға жұғуы. Бұл тек қана «айсбергтің көрінетін жағы», өйткені өткір В және С гепатиттері сары аурусыз болып, көп жағдада дәрігерлердің көзіне көрінбейді. Қазіргі уақытта созылмалы гепатиттің негізгі маңызды проблемалары: бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігі. В гепатиті кезінде өткір формасының 10% созылмалыға айналады, ал гепатит С кезінде – 60 % өседі! 10-20% созылмалы формаларымен ауыратын науқастарда одан әрі бауыр циррозы мен алғашқы бауыр қатерлі ісігіне дамиды. Қазіргі кезде В вирусты гепатитін 300 млн. адам таратушы болса, ал С вирусты гепатитін таратушылар 500 млн. адамды құрайды. Дүниежүзінде бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігінен жыл сайын 1 млн. адам көз жұмуда.

Вирусты гепатиттер – кеңінен таралған және қауіпті жұқпалы ауру. Вирусты гепатиттер дүниежүзі бойы кеңінен тарлаған. Бүгінгі таңда вирусты гептіттің бірнеше түрі белгілі: А,В,С,D(делтьа), Е, G, TTV, SEN. Олар ағзаға түскенде бауырды зақымдайды. Сонымен қоса бауырдың функциясын реттеп тұратын барлық зат алмасу процессін бұзады. Улы заттарды залалсыздандыру қабілетін жоғалтып, дәрумендік теңгерімі бұзылады.

Вирусты гепатиттерді жұқтыру көздері – ауру адам немесе жұқпаны таратушы. Ең көп қауіпі жеңіл немесе ауруы жасырын формаларымен, сары ауруысыз жүретін науқастарда. А және Е вирусты гепатиттер ішек жұқпалары сияқты – жуылмаған жеміс-жидектер немесе кір сумен, жуылмаған қолдан жұғады да, олар созылмалы түріне өршімейді. А және Е вирусты гепатит науқастың ағзасынан дәреті арқылы анықталады. Үлкен дәрет сұйық су түрінде шығады. Бұл вирустар кіршең адамның қолынан, басқада тұрмыстағы заттарда, тағамдарда қалып, басқа адамға жұғады. Бұл гепатиттің түрімен көп жағдайда балалар, жасөспірімдер мен 30 жасқа дейінгі (кей жағдайда 30 жастан асқан) тұлғаларда кездеседі. Сонымен қатар мезгілдік аурулар анықталуда – жаз аяғы мен күз уақытында. В,С,D, және G, TTV вирустары адамның ағзаның ішек жолдары арқылы анықталмайды да, ауру кезінде қанға түсіп, айналады, ал гепатитпен ауыратындарда вирус өмір бойы ағзада қалады. Оларға созылмалы түрі тән.

Сол себептен В гепатитін жұқтыру көзі тек өткір формасын жұқтырған аурулар ғана емес, осы аурумен ауырғандар, сонымен қатар дені сау вирустасымалдаушыларда жұқтыруы әбден мүмкін. В гипатитін екінші рет қолданылып отырған инемен (көп жағдайда нашақорлар) жұғып, ауру адаммен сексуалды қатынасқа түскен, науқастың немесе вирустасымалдаушының жеке заттарымен (қайшы, ұстара және т.б.) қолданған кезде, тіпті анасынан баласына жұғады, егер анасы ауырса жұғады. В гепатитімен барлық жастағылар ауырады, бірақ көбі жасөспірімдер мен жас балалар. Гипатитпен ауру алдында 1-2 жұма сары ауру алдындағы кезеңінен басталады. Оның белгілері әр түрлі: тамаққа зауқы болмай, жүрегі айнып, тәбет төмендейді, тері бөртеді. Буыны сырқырап, ыстығы көтеріліп, жөтел пайда болып, мұрынынан су ағады. Несеп қарайып(қою қара шәйдің түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (түсі ақ немесе сұр сазға айналады). Келесі кезең – сары ауру кезеңі (2-4 апта созылады): шел сарғайып, содан соң тері жамылғысы сарғаяды. Сарғаю процессі болмауыда мүмкін. Мұны вирусты гепатиттің сарғаюсыз формасы дейді. Ауру басында жеңіл болғанымен, кейін ауыр түріне ауысып, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қоса, науқас қоршаған ортаға қауіпті. Аурудың белгілері пайда болғаннан соң тез арада дәрігерге қаралу керек.

А гепатитінің алдын алуы: әжетханаға барғаннан кейін, тамақтың алдында қолыңызды дұрыстып жуыңыз; – ашық су қоймасынан (өзен, көл, тоғаннан) алынған қайнамаған су ішпеңіз; – ашық су қоймасында жеміс-жидектерді жумаңыз; – су қоймасын ластамаңыз; – тұрғын үй мен баршамызға ортақ жерлерді – көшелер, аула, пәтерлерді ластамау, олардың қоқыс тастайтын жәшіктері, арнайы қоқыс тастайтын орындар, ауладағы қоқыс тастайтын жерлерді уақытылы таза болуын қадағалау. А гепатитінен ерікті ауыз суы мен азық-түліктер – ауруды төмендету кілті. Алайда гепатитті жұқтыру жолдары көп жағдайда белгісіз қалады. Өзіңізден күдіктенбеу үшін – алдын ала екпе жасауға болады. Бүгінгі күні А гепатитіне қарсы екпені ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғары адамдарға (мысалы, ауру көп таралған мемлекеттерге саяхаттанушыларға, сонымен бірге медициналық қызметкерлер, бауырдың және қанның созылмалы түрімен ауыратындар). Екпе ең алдымен балаларға қойылуы керек, себебі көп жағдайда А гепатитін балалар жұқтырады. Екпе 94-98 % дейін ауруға төтеп бере алады.

В гепатитін жұқтырып алмау жолдары: – ауру адаммен жыныстық қатынасқа түспеңіз және есірткі заттар қолданбаңыз; – егер сіз немесе сіздің серіктесіңіз жұқтырған болса, онда мүшеқап қолданыңыз; – бөтен адамның маникюрге арналған қайшысымен, ұстармен, тарақпен, тіс щеткасымен қолданбаңыз; – егер сіз немесе балаңызға татуировка салдырғыңыз келсе, онда арнайы салондарға барыңыз. Есіңізде болсын, бір реттік шприцтар гепатиттің жұқпауына кепілдік береді. Донорлардан алынатын барлық қан ең алдымен В гепатитіне тексеріледі.

Қазіргі таңда В гепатитінен қорғану жолдары пайда болды – бұл спецификалық түрде екпе арқылы гепатиттің алдын алуы. Екпені HBsAg таратушы анадан жаңа туған балаға, сонымен қатар ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғары топтағы адамдарға (медициналық қызметкерлерге, созылмалы қан тазарту бөлімшесіндегі науқастарға, донорлық қан алушылар, нашақорлар және т.б.) егеді. Гепатитке қарсы 3 реттік егілген (1 және 6 ай аралықпен) екпе алушыларда жаңа антидененің пайда болуын тоқтатып, аурудан қорғайды. С гепатитін жұқтырған науқастарға А және В гепатиттеріне қарсы егілу қажет, себебі бұл аурудың ары қарай өршуін тоқтатады.

http://densaulyk.gov.kz/language/ru/2017/07/profilaktika-virusnh-gepatitov/

Жаңартылған күні: 16.04.2019 15:27
Құрылған күні: 16.04.2019 15:29

Текст