09.06.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларына» сәйкес, Ақмола оюлысы білім басқармасының № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі бос (және/немесе уақытша бос) педагогикалық лауазымға конкурс жариялайды:
1. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда) - 16 сағат
2. Физика пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда) - 16 сағат
3. Тарих пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) - 16 сағат
4. Әлеуметтік педагог (қазақ және орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) - 1 жүктеме
5. Кәсіптік бағдар беруші (қазақ және орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) - 1 жүктеме
6. Психолог (қазақ және орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) - 1 жүктеме
7. Жатақхана тәрбиешісі (қазақ және орыс тілдерін меңгерген әйелдері) - 4 бірлік
Құжаттарды (2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығының 113-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес) қағаз түрінде келесі мекенжай бойынша қабылдаймыз:
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынауданы, 135 ғимарат, e-mail: bolashak4@mail.kz, bolashak_4_step@mail.ru
Конкурс өткізу уақыты:
1) 2026 жылғы 8-16 маусым аралығындағы кезең - Интернет ресурстарда хабарландыруды жариялау;
2) 2026 жылғы 8-16 маусым аралығындағы кезең - құжаттарды қабылдау;
3) 2026 жылғы 17-23 маусым күндері - кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру және конкурс қорытындысын шығару.