Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қабылдау 2024

30.01.2024

Степногорск қаласының №4 "Болашақ" ОММЛИ КММ 2024-2025 оқу жылына 7-сыныпқа оқуға конкурстық іріктеу басталды.

Онлайн-тіркеудің басталуы және құжаттарды қабылдау 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін https://qabyldau.daryn.kz  сайтта өтеді

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. баланың сандық фотосуреті;
  5. халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Келесі квоталар беріледі:

1) «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде,

2) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

Конкурстық іріктеудің өткізу күнін қосымша хабарлаймыз.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерің ескере отырып, талапкерлерге қосымша кезең өткізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.

 

Мектептердің байланыс телефондары

       Телефон: 8(716-45) 7-30-84, 8(716-45) 7-35-03, 8-708-856-36-05

     Инстаграм: bolashaq__stepnogorsk



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.01.2024 08:51
Құрылған күні: 30.01.2024 08:52

Текст