Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көмекtimes"

15.04.2024

Ақмола облысы білім басқармасының және «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2023-2024 оқу жылының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 11-сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты өзара тиімді іс-қимыл мәселелері бойынша педагогтерді ағарту, жұмыс тәжірибесімен алмасу және тарату мақсатында «Көмектаймс» жобасы аясындағы өзара іс-қимылды арттыру құралы ретінде тиімді педагогикалық іс-тәжірибені тарату» тақырыбында облыстық семинардың бірінші күнгі жұмысын бастады. 
Мақсаты: "Көмектаймс" жобасы аясында №4 "Болашақ" ОММЛИ КММ-нің өзара тиімді іс-қимыл мәселелері бойынша педагогтерді ағарту, жұмыс тәжірибесімен алмасу және тарату. 
Семинарға Ақмола облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, басшыларының  оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық  бағыт пәндерінің мұғалімдері қатысып жатыр. 
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «....Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Білім ордасының шығармашылық зертхана жұмысының бір бөлігі еріктілер мен дебат ойындары клубтық бірлестіктері оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арналған жобаларға дайындық жұмыстары таныстырылды. Домбыра, вокал, роботехника, шахмат, қолөнер шеберлерінің үйірме жетекшілері тәрбиеленушілердің көркем–эстетикалық сезімдері мен талғамдарын қалыптастыру іс-тәжірибелерімен бөлісті. Факультатив сабақтары балалардың дүниетанымының кеңеюіне жол ашатынын, ал мектеп парламентінің жұмысы іскерлік және ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруіне ықпал жасап, шыңдалуларына бағыт-бағдар беретінін көрсете білді.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде деген сөздің дәлелі ретінде жұмыс күнінің соңында тәрбиешілердің жүйелі ұйымдастырылған өзіндік дайындық жұмыстарының әдістеріне куәгер болдық.   
Облыстық семинардың 2-күніне Степногорск қаласы білім бөліміне қарасты ауыл мектептерінің басшылары мен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық  бағыт пәндерінің мұғалімдері шақырылды.

    

https://www.instagram.com/reel/C5oh37YrRQN/?igsh=eTZ2cTFxZW1jejJj

https://www.instagram.com/reel/C5qYZcqs2Y0/?igsh=MXAxZXJqMjBmaDNrNw==



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.04.2024 18:42
Құрылған күні: 15.04.2024 19:07

Текст